Сенбі, 20 Маусым 2026 10:11

Сауран ауданы: Үшқайықта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыға түсті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, округ әкімінің 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есебіне қатысты.

Кездесу барысында Үшқайық ауылдық округінің әкімі Болат Сенбеков атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша жауапты бөлім басшылары тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер жөнінде ақпарат берді. Жиын барысында ауылдық округте инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, жер мәселелерін реттеу және халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі өз сөзінде Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен көтерген мәселелері назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кездесу соңында аудан басшысы көтерілген барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелерді зерделеп, заң аясында шешу бойынша жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 42 рет