Тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегінің тәртібі түсіндіріліп, тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу мен кезектілікті жүргізу тәртібі түсіндірілді. Жұмыспен қамту бағытында көтерілген мәселелер бойынша азаматтардың білімі мен мамандығына сәйкес бос жұмыс орындары ұсынылып, алдағы уақытта пайда болатын вакансиялар жөнінде тиісті мемлекеттік мекемелер арқылы хабарланатыны жеткізілді.
Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымына қатысты көтерілген мәселелер де назардан тыс қалмады. Электр энергиясымен қамтамасыз ету және көшелерді жарықтандыру бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жоспарланған жұмыстар жөнінде түсіндірме берілді. Жайылым және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерін беру тәртібі түсіндіріліп, алдағы уақытта өткізілетін конкурсқа қатысу мүмкіндігі қарастырылатыны айтылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Азаматтардың өтініштері заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен қаралып, орындалу барысы тұрақты бақылауда болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат