Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар және еріктілерді қоса алғанда 700-ге жуық адам белсенді қатысты. Сенбілік барысында 12 арнайы техника жұмылдырылып, ауыл ішіндегі көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері мен ортақ пайдаланылатын аумақтар тазартылды. Нәтижесінде 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Сауран ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат