Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланып, егіс науқанының жүргізілу деңгейі, шаруаларға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары және жоспарланған жұмыстар жөнінде Батырбек Сыздық хабарлама жасады. Мәжіліс барысында аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, ауыз су инфрақұрылымын дамыту мен дала жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Дерек ретінде айта кетсек, Отырар ауданының ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі былтыр 70,5 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 151,3% құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 15,4 млрд. теңге және өсімдік шаруашылығы 54,8 млрд. теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі жыл қорытындысымен 17,1 млрд.теңгені құрап, 181,1 пайызға артық орындалды. Тамақ өнімдеріне тартылған инвестиция көлемі 551,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалды. 2025 жылға 64 техника алу жоспарланып, 105 техника сатып алынды. Су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 2025 жылы 11 603 гектар жоспарланып, 28 180 гектарға жеткізілді. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 12 айда 700,0 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 205,9 пайызға орындалды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында «2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету» тапсырылған. Жолдауға сәйкес, Отырар ауданында қарқынды жұмыстар атқарылып, Сырдария, Ақкөл елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде Отырар ауданында 37 елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Аудан көлеміндегі 4 елді мекенге (Маяқұм, Балтакөл, Аққұм, Жаңа Шілік) ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, 2025 жылы Балтакөл елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Аққұм елді мекеніне ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары басталды. Нысан 2026 жылға өтпелі.2025 жылы Қостерек, Жаңа Шілік, Көлқұдық, Шеңгелді, Қарақоңыр, Отырабад, Ақтөбе, Ескі Шілік, Қостүйін, Ш.Қалдаяқов, Маяқұм елді мекендеріне, жалпы 11 елді мекенге ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат