Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелердің бірқатары бойынша жауапты бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Аудан басшысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі бағыты екенін атап өтіп, халықпен ашық әрі тығыз байланыс орнату басты міндеттердің бірі екенін жеткізді. Жеке қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Мұндай қабылдаулар тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтып, елдің өзекті мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға» арналған тұжырымдамасы аясында 2025 жылы 4 571 жұмыс орыны жоспарланса, 12 айда 4 932 жұмыс орыны ашылды немесе 108,5% құрады. Жалпы аудан халқының экономикалық белсендісі 22 882 адам болса, жұмыспен қамтылғандары 21 770 адам. Оның ішінде өзін-өзі қамтығандар 7315 адамды құрады.
2025 жылы аз қамтамасыз етілген 111 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Мемлекет басшысының жыл сайын «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасына сәйкес, ауданда 650 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл соңына 939 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды 144,5 пайызға орындалды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз 146 азаматты жолдау жоспарланып, 12 айда 146 азамат жолданса, Жастар практикасына оқу орнын бітірген жұмыссыз 301 азаматты жолдау жоспарланып, 304 азаматжолданды.
Қоғамдық жұмыстарға 2025 жылы елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жұмыссыз 659 азаматты жолдау жоспарланып,12 айда 661 азамат жолданды (100,3%). «Белсенді ұзақ өмір» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 айында 850 зейнеткерге күндізгі мезгілде сауықтыру шараларымен қызметтер көрсетілді..
2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 8 елді мекенде (Ш.Қалдаяқов, Бестораңғыл, Шәуілдір-2, Қоғам, Қарғалы, Шойманов, Темір, Самырат) балалар ойын алаңшасы, 3 елді мекенде (Қоғам, Шәуілдір, Шеңгелді) спорттық ойын алаңшалары салынды, Отырар ауданына кіре беріс «Шығыс қақпа», Балтакөл ауылындағы Тәукебай көшесін, Шәуілдір, Қоғам ауылдарын абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды. Елді мекендерді жарықтандыру бойынша аудандық бюджет есебінен 5 елді мекеннің 7 көшесіне жарықтандыру жүргізілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында «2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету» тапсырылған. Жолдауға сәйкес, Отырар ауданында қарқынды жұмыстар атқарылып, Сырдария, Ақкөл елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде Отырар ауданында 37 елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Аудан көлеміндегі 4 елді мекенге (Маяқұм, Балтакөл, Аққұм, Жаңа Шілік) ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, 2025 жылы Балтакөл елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Аққұм елді мекеніне ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары басталды. Нысан 2026 жылға өтпелі.2025 жылы Қостерек, Жаңа Шілік, Көлқұдық, Шеңгелді, Қарақоңыр, Отырабад, Ақтөбе, Ескі Шілік, Қостүйін, Ш.Қалдаяқов, Маяқұм елді мекендеріне, жалпы 11 елді мекенге ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан көлеміндегі автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы – 863,3 шақырымды құрайды. 2025 жылы «Ауыл–Ел бесігі» жобасы аясында 20,6 шақырымды құрайтын 25 көшеге, жергілікті бюджеттен 26,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудандық маңызы бар 8,8 шақырымды құрайтын Ақтөбе-Ескі Шілік КХОР-11 автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат