Дүйсенбі, 22 Маусым 2026 21:57

Отырар ауданы: күн тәртібінде құрылыс саласына қатысты мәселелер қаралды

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек аудан көлемінде құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Онда құрылыс нысандарының жүзеге асырылу барысы, елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастыру, абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы жөнінде мәліметтер берілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Мұраділ Қизбаев баяндады. Баяндама барысында берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланып, жауапты мекемелердің жұмыстары талқыланды. Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Құрылыс саласы демекші, Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы биыл сәуір айында аудан аумағындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысын тексеріп, жауапты тұлғалар мен мердігерлерге бірқатар нақты міндеттер жүктеген болатын. Сапар барысында алдымен «Арыс жағалауы» саябағындағы қайта жаңғырту жұмыстары қаралған еді. Онда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен өңірден шыққан Кеңес Одағының батырларына арналған ескерткіш жаңартылып жатқан көрген-ді. Аудан басшысы сол кезде нысанның сапасы мен эстетикалық келбетіне ерекше назар аударуды тапсырған болатын.

Сонымен қатар сол сапарында Шәуілдір мен Көкмардан ауылдарын байланыстыратын «Селкілдек көпірдегі» жөндеу жұмыстарының барысы тексерді. Қазіргі таңда көпірдің қауіпсіздігін күшейту, қалпына келтіру және абаттандыру шаралары жүргізілген. Әкім аталған нысан тұрғындар қауіпсіздігі мен аудан келбеті үшін маңызды екенін атап өтті. Сапар аясында аудан басшысы Мыңшұқыр ауылында салынып жатқан 4 қабатты, 32 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Бүгінде нысанның 90 пайызға жуық жұмысы аяқталып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған. Аудан әкімі мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде 3 ауысымдағы, апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. 2025 жылға 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жобалық — сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық білім басқармасына ұсынылып, «Білім беру мекемелерін жаңғырту» бағдарламасы негізінде 6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы Шәуілдір ауылында 600 орындық мектеп құрылысы пайдалануға қабылданып, толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. №1 «Жайлы мектеп» бірінші оқу жылын 440 баламен сапалы аяқтаса, 2024-2025 жылы 545 оқушымен оқу жылын аяқтады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 40 рет