Дүйсенбі, 20 Шілде 2026 10:50

Отырар ауданы: балаларға қуаныш сыйлаған игі шара Қоғам ауылында жалғасын тапты

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында Қоғам ауылында игі шара ұйымдастырылды.

Аптап ыстық күндері ауыл тұрғындары мен бүлдіршіндерге салқындық сыйлау мақсатында Өрт сөндіру бөлімі мен «Отырар-2050» мекемесінің арнайы техникаларының қатысуымен салқын самал субұрқақ ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауыл азаматы Мырзатай Артықбайдың демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды. Шара барысында бүлдіршіндер субұрқақта асыр салып ойнап, жазғы демалыстың қызығын сезініп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Тұрғындар балаларға қуаныш сыйлаған шараны жоғары бағалап, оған атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 196 рет