Аталған мәселелер бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Саттар баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берді. Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтауды, сондай-ақ егілген көшеттердің күтімін күшейтіп, олардың өнімділігі мен сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат