Бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, «Әкелер мектебінің» жетекшілері, «Әжелер алқасының» төрайымдары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастардың қатысуымен өткен жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов ашып, жүргізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған жас ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамның рухани дамуы бағытындағы міндеттердің маңыздылығын атап өтті.
Семинар-кеңестің кіріспе сөзін Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов сөйлеп, ардагерлер ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабарлады. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ардагерлердің қоғамдағы орны мен өнегелі еңбегіне тоқталып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков, Анарбай Шәдібеков пен ардагер Садық Әбдірашұлы өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, ұрпақ тәрбиесіндегі аға буынның жауапкершілігі жөнінде сөз қозғады. Жиын аясында аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесі таныстырылып, шара соңында аудан қариялары мен әжелерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат