Бейсенбі, 25 Маусым 2026 13:09

Созақ ауданы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан орталығы Шолаққорған ауылында кең көлемді сенбілік жұмыстары өтті. Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен ерікті жастар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында Шолаққорған–Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағында көшеттерді күтіп-баптау, суару, арамшөптерден тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қоршаулар сырланып, аумақтың көркі жаңартылды.Бұдан бөлек, Шолаққорған–Созақ, Шолаққорған–Шымкент және Шолаққорған–Түркістан бағыттарындағы күре жолдардың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Су өткізгіш өткелдер, каналдар мен арық-атыздарды тазалау жұмыстары атқарылып, санитарлық жағдайды жақсартуға баса мән берілді. «Жасыл белдеу» аумағында жүргізілген жұмыстарға 500-ге жуық адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 27 рет