Туған жерге ат басын бұрып, әлеуметтік нысанда болған өнер майталманы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жасалған қолайлы жағдайларға ерекше ризашылығын білдірді. Аудан тұрғындарының игілігі үшін атқарылып жатқан әлеуметтік жобалар үшін аудан басшысына алғысын жеткізді.
Аталған орталық зейнет жасындағы ардагерлер мен 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қызмет көрсетеді. Бір мезетте 30-ға дейін адамды қабылдауға қауқарлы мекемеде келушілердің денсаулығын нығайтуға, бос уақытын тиімді өткізуге және қоғамдық өмірге белсенді араласуына барлық мүмкіндік қарастырылған.
Айта кетейік, «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығы – егде жастағы азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар жандардың денсаулығын нығайтып, әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Мұнда келушілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, олардың сапалы әрі белсенді өмір сүруіне қажетті барлық жағдай жасалған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат