Жұма, 26 Маусым 2026 13:09

Созақ ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппараты және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары асханалар, кәсіпкерлік нысандар мен жанармай құю бекеттерін аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталу барысына назар аударды.

Мамандар нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, электр желілері мен газ құрылғыларын дұрыс пайдалану, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тұрақты бақылауда ұстау және төтенше жағдай орын алған кезде шұғыл әрекет ету тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, өрттің алдын алу бағытындағы жадынамалар таратылып, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, Шолаққорған ауылында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілгенін де айта кетейік. Игі іске мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен ерікті жастар белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.Сенбілік барысында саябақтар мен балалар ойын алаңшалары ретке келтіріліп, орталық маңызы бар Қожанов және Жібек жолы көшелерінің бойындағы арамшөптер оталды. Қоршаулар мен қоғамдық аумақтар тазартылды. Таза әрі көрікті орта – баршамызға ортақ құндылық. Осыған орай, аудан тұрғындарын қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, қоқыс қалдықтарын арнайы жәшіктерге тастауға, ойын алаңдары мен саябақтарды күтіп ұстауға шақырамыз. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Тазалықты бірге сақтайық!

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 25 рет