Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылып, оған Созақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты дербес бөлімдерінің мамандары қатысты. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы алу, құрылыс және сәулет саласына қатысты құжаттарды рәсімдеу, жер қатынастары бойынша құжаттарды заңдастыру, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үйге қатысты мәселелер және тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі жөнінде өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Азаматтардың барлық сұрақтарына тиісті сала мамандары заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірме беріп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша кеңес ұсынды. Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдары туралы ақпараттық үнпарақтар таратылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат