Қазіргі таңда аудан аумағындағы жауапты мекемелер дайындық жұмыстарын толықтай пысықтады. Атап айтқанда, «Созақ сәулет» мекемесі мен Шолаққорған су мекемесінің қажетті арнайы техникаларын орын алуы мүмкін кез-келген жағдайға жұмылдыруға дайын. Сонымен қатар, барлық ауылдық округтер мен кенттер тракторлар мен қамтылған. Сонымен қатар, аудан аумағындағы өндіріс орындарының ауыр техникалары да қажет болған жағдайда жұмылдыру үшін дайын күйде.
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында аудан аумағындағы арық-атыздар мен су өткізгіш құбырлар тазартылып, олардың өткізгіштік қабілеті қалыпқа келтірілді. Жауапты сала мамандары жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстарды бақылауда. Аудан тұрғындарынан ауа райы болжамдарын назарда ұстап, қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат