2025 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жеткіншек мөлтек ауданында аталған санаттағы азаматтарға 102 пәтердің кілті табысталды. Қазіргі таңда пайдалануға дайын тұрған 22 пәтерді құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, мөлтек ауданда 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.
Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдарының демеушілігімен жаңғырту бағдарламасы аясында өткен жылы 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға баспана кілттері табысталды. Ал биыл аталған бағдарлама аясында тағы да 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылуда. Бұл – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және баспана мәселесін шешуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат