Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, шағын және орта кәсіпкерлік, салық түсімдері, инвестиция тарту, жұмыспен қамту және өзге де маңызды бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейі жөнінде баяндады. Мәжілісте аудан басшысы әрбір саланың көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталып, жан-жақты талдау жүргізді. Жоспарланған межелердің сапалы әрі уақытылы орындалуы ауданның тұрақты дамуының негізгі көрсеткіші екенін айтып, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына әрбір индикатордың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, көрсеткіштері төмен бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдап, орын алған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды міндеттеді. Сондай-ақ барлық сала басшыларына межеленген жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз етіп, нәтижеге бағытталған жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат