Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір азаматтың өтінішіне жіті көңіл бөліп, мәселелерді заң талаптарына сәйкес жан-жақты қарастырды. Көтерілген сұрақтардың бірқатары бойынша нақты шешімдер қабылданып, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынып, олардың орындалуы тұрақты қадағаланбақ. Қабылдауға аудан әкімінің салалық орынбасары, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ бірқатар ауылдық округ әкімдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына заң аясында түсіндірме беріп, оларды шешу жолдарын талқылады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат