Жобаның жалпы ұзындығы 180 метрді құрайды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтарының автокөліктерін қауіпсіз әрі қолайлы орналастыруына жағдай жасалады. Сонымен қатар, Қарнақ ауылындағы Түркістан – Ш.Қанайұлы көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында айналмалы қозғалыс бөлігін абаттандыру және қозғалыс бағыттарын реттеу жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда нысанда асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдары да қарастырылған. Қала әкімі жауаптыларға жұмыстың сапалы әрі уақытында жүргізілу қажеттігін тапсырды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат