Аталған жоба Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Сенбілік барысында «Қоқыс тапсыр — сыйлық ал» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды жинап, сұрыптауға белсенді қатысты. Нәтижесінде С.Сейфуллин көшесіндегі №106, №110, №112, №114, №116 және №118 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары тазартылды.
Экологиялық акция соңында белсенділік танытқан қатысушылар мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, аула тазалығына үлес қосқан тұрғындарға алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар, аулаларға тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған қоқыс жәшіктері орнатылып, қоқыс жинау орындары белгіленді. «Эко-Аула KENTAU» жобасы тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қоғамда тұрақты экологиялық өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясындағы сенбілік және ақпараттық-насихат жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат