Сейсенбі, 21 Шілде 2026 10:34

Түркістан қаласында тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында жаңа жағажай ашылды

Түркістан қаласындағы Орталық Азияда теңдесі жоқ Есу арнасында суға шомылуға арналған жаңа жағажайдың ашылуы өтті. Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы қатысып, жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында ашылғанын атап өтті.

Жағажайдың ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды. Демалыс аймағында суға түсуге арналған арнайы орындар, 4 құтқару мұнарасы, киім ауыстыру бөлмелері, көлеңкелі шатырлар, балалар ойын және су сырғанақ алаңдары, жағажай волейболы мен воркаут алаңдары, катамаран және қайықпен серуендеу қызметі, банджи-батут секілді ойын-сауық нысандары қарастырылған.

Су сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және экология саласы мамандарының зертханалық тексерулерінен өткен. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өткен құтқарушылар тұрақты қызмет атқарады. Ашылу салтанаты мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, келушілер жағажайдың мүмкіндіктерін пайдаланып, суға түсіп, қайықтармен серуендеуге мүмкіндік алды. Айта кетейік, жағажай күнделікті сағат 08:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Кіру құнына келсек, 6 жасқа дейінгі балаларға – тегін, 7-14 жас аралығына – 500 теңге, 15 жастан жоғары келушілерге – 1000 теңге.

Орайы келгенде Түркістанның туризм әлеуеті мен жаңа мүмкіндіктері, дамуының келешегі турасында сөз қозғай кетсек. Түркістан — Қазақстанның рухани және тарихи орталығы ғана емес, сонымен қатар елдің туризм саласының жаңа келбетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын қала. Бұл қала өзінің бай тарихымен, киелі жерлерімен және мәдени мұрасымен танымал болғандықтан, туризмнің даму әлеуеті зор. Түркістанның туризм саласын дамытудың жаңа кезеңі қазіргі заманғы талаптарға сай көптеген мүмкіндіктерді ұсынады.

Түркістанның тарихы тереңде жатыр және бұл қала әлемнің көптеген елдерінен келетін туристер үшін қызығушылық тудырады. Қала, әсіресе, Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен танымал, бұл жер түркі әлемінің діни және мәдени орталығы ретінде саналады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген және бұл жерде жыл сайын мыңдаған зияратшылар мен туристер бас қосады. Түркістан қаласының тарихи маңыздылығының арқасында, қаланың ежелгі ескерткіштері мен мәдени орындары туристер үшін ерекше тартымды. Қалада орналасқан тарихи жәдігерлер мен архитектуралық ескерткіштер, әсіресе ислам мәдениетінің құндылықтарын көрсететін орындар, халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық туғызады.

Қалада соңғы жылдары туризм инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды. Түркістанды туристер үшін ыңғайлы және қызықты ету үшін заманауи қонақ үйлер мен туристік орталықтар салынды. Бұл инфрақұрылым қалаға келетін саяхатшыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Түркістанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында туроператорлар мен қонақ үй кешендері жаңа турлар мен бағдарламалар ұсынып отыр. Туристерді тарту үшін түрлі мәдени іс-шаралар, фестивальдер мен көрмелер ұйымдастырылып, Түркістанның бай мәдени мұрасы мен дәстүрлерін әлемге танытуға мүмкіндік беріп отыр.

Түркістанның мәдени туризм әлеуеті де зор. Қала жыл сайын түрлі мәдени және өнер фестивальдерін өткізеді, олар жергілікті дәстүрлер мен халық өнерін көрсетуге бағытталған. Мысалы, Түркістанда өтетін түрлі фольклорлық және өнер шаралары, сондай-ақ ұлттық мерекелер, қалаға келетін туристер үшін ерекше қызығушылық туғызады. Сонымен қатар, Түркістанның мәдени өмірінде халықтық қолөнер, музыкалық өнер мен би, дәстүрлі киімдер мен аспаздық мәдениет маңызды рөл атқарады. Бұл мәдени құндылықтар туристерге дәстүрлі қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын таныстыруға мүмкіндік береді.

Түркістанның туризм саласын дамыту үшін халықаралық деңгейде таныту маңызды. Қалада шетелдік туристерді тартуға бағытталған маркетингтік шаралар мен таныстыру іс-шаралары қолға алынып жатыр. Түркістанның әлемдік туризм нарығында өз орнын табуы үшін халықаралық туристік көрмелер мен форумдар өткізу маңызды. Бұл шаралар қалаға шетелден келетін туристерді көбейтуге мүмкіндік береді. Туризмнің жаңа даму бағыты Түркістанды тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның туристік орталығы етуге мүмкіндік береді. Түркістанның тарихи және мәдени мұрасы оны туристер үшін тартымды етіп қана қоймай, экономикасын да дамытуға ықпал етеді.

Түркістан қаласы өзінің тарихи мұрасы, мәдени байлығы және табиғи сұлулығымен ғана емес, сондай-ақ заманауи туризм инфрақұрылымының дамуы арқасында болашақта әлемдік туристік аренада маңызды орынға ие болады. Қаладағы туризм саласының дамуы тек экономикалық жағдайды жақсартып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын әлемге танытуға ықпал етеді. Түркістанның туризм саласын дамыту барысында мәдениет, тарих, табиғат және экология сияқты факторларды үйлестіре отырып, қала аймақтық және халықаралық деңгейде тартымды туристік бағытқа айналуы мүмкін. 

1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының  тарихи-туристік нысандары да жетерлік. Сондықтан Түркістан облысы – қаймағы бұзылмаған қазақтың қара шаңырағы. Берекесі ұйыған киелі мекен. Мағжан ақын жырлағандай, «Екі дүние – есігі, ер түріктің – бесігі», түркі әлемінің рухани ордасы. Түркістан шаһары бүгінде облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы, яғни түркі дүниесінің  рухани астанасы болып отыр. Облыс орталығы болғалы Түркістан облысы түркі елдерінің басын біріктіріп, жақындастыра түсетін «Алтын көпірге» айналуда.  Орта Азия елдері мен Түркия мемлекетінің жалпы съездері, мәдени-рухани басқосулары, түркі мемлекеттерінің саммиттері Түркістан шаһарында жалауын көтереді. Оның мақсаты – рухани қалада  экономика және әлеуметтік саланың тамырына қан жүгіріп, мәдениет, білім және рухани ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жандандыру.

Түркістан қаласының облыс орталығы ретінде анықталуы – ел тарихының жаңа парағы. Облыс төңірегінде туризмді дамыту үшін ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, өнеркәсіп саласын дамыту үшін тың қадамдар іске асырылатыны анық. Яғни бұл қадам өңірдегі экономиканың бизнестің, инфрақұрылым мен жолдың дамуына мүмкіндік туғызады. Түркістанның киелі мекен ғана емес, үлкен мәдениет орталығы, экономикалық ошағы ретінде дамуына мүмкіндік туғызады. Әкімшілік орталықтың көшірілуі жаңа жұмыс орындарын шоғырландырып, еңбекке жарамды халықтың басым көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етеді. Киелі шаһар ежелден сауда-саттықтың ортасы, ынтымақтың ордасы болғандықтан, Ұлы Жібек жолының бойында оның құндылығы арта түседі.

Облыс орталығы – Түркістан қаласы тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық. Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды дамыту бағытында салынған «Түркістан тарихи-этнографиялық орталығындағы» тарихи-мәдени жәдігерлердің орны бөлекше. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ашылған бұл орталықтың туристерге берер тәлімдік-танымдық маңызы зор. Бүгінде бұл орталық ғимараты қала әкімдігіне ауысып, жаңадан «Ұлы Дала Елі» атты бүкіл тарихынан жанды сыр шертетін кешенді құрылыс ғимараты осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген. Бүгінде кез келген турист, не қонақты апарып көрсететін арнайы тарихи орынға айналған. Ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан қазақ тарихының қырлары мен сырлары осы ғимаратқа кірген туристердің танымын арттырып, баурап алары анық. Осы тарихи жәлігерлердің өзі-ақ қаншама ғасыр өтсе де,  киелі қалаға туристерді қабылдауда маңыздылығын жоймай, кейінгі ұрпақтың көзіне сүртіп көрсетер құндылығы болуда.

Түркістанға келетін туристердің саны күн санап артып келеді. Рухани астанамызға ағылатындардың қатарында шетелдіктер де көп. Нақты айтқанда, Түркістанға келетін туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия, Италия елдерінен келген. Шетелдіктерден бөлек, Қазақстанның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер баршылық. Демек, туризм Түркістан үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр.  Облыс орталығы Түркістан қаласының өзі  түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде талай туристі қонақжайлылықпен қарсы алатыны анық. Соған сай, көрсетілетін қызметтердің де сапасын жоғары талапқа сай етуді, қаланың туристік әлеуетін арттыру бойынша нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын бекіту тиісті мекемелерге тапсырылған. Облыс орталығы атанған уақыттан бері бұл жұмыстардың ауқымы барынша ұлғая түскен.

Ежелден рухани астана болып саналған Түркістан қаласы туризм кластері бойынша дамып, жылына миллиондаған туристерді қабылдайтын күнге де жетті. Ұлы Жібек жолының  дарқан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар пайда болды, мәдени ошақтар салынды. Соңғы үш жылда Түркістан облыс орталығы болып, адам танымастай өзгерді. Жаңа құрылыс нысандары ерекше үлгіде бой көтерді. Бұл қаланың өсіп-өркендеуімен қатар, туризмнің қарқынды дамуына серпінді әсер етері сөзсіз.

Туризмнен түскен табыс халықтың экономикасы мен тұрмысының көтерілуіне игі ықпалын тигізеді. Қазақстанның, оның ішінде Түркістанның туризміне қолайлы, тарихи орындар, салынып жатқан небір алып нысандар, аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, жасалып жатқан көптеген игі істер жайында түннен-таңға айтуға болады. Осының бәрі түркістандықтар үшін оның бақытты тұрмысы, келген туристің жақсы серуені мен саяхаты, ең бастысы, келер ұрпақтың жайлы өмірі үшін сақталып келген, жасалып жатқан құндылықтар екеніне күмән жоқ.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 26 рет