Дүйсенбі, 20 Шілде 2026 17:05

Сауран ауданында кең көлемді тазалық шарасы ұйымдастырылды

Сауран ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында кең көлемді тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 100-ге жуық адам қатысып, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Іс-шара барысында көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері мен басқа да аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде аудан аумағынан 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Аудан аумағында тазалық пен көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Жалпы, Сауран ауданында ауылдардың ажарын ашатын іс-шаралар атқарылып келеді. Дегенмен де, ауылдың кейбір көшелерінде қоқыс пен үйінділердің жататыны рас. «Ауылына қарап азаматын таны!» деген емеспе. Сайып келгенде, ауылдың тазалығы-денсаулықтың кепілі. Ауыл тазалығы-баршаға ортақ.Сондықтан, әр тұрғын өздерінің ауласын таза ұстағаны жөн. Әр адам сенбілікке шығып, аз да болса өз үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі арта түсер еді. Сауран ауданындағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу-әрбір ауыл тұрғынының міндеті. Аудан басшылығы ауыл тұрғындарын көшеде, аулаларында тазалық сақтауға шақыра. Сенбілікті ұйымдастыру әр сенбі сайын жалғасын табатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында экология және биологиялық әркелкілікті қорғау мәселелеріне де баса назар аударылғаны белгілі. Қазіргі таңда қоқыс мәселесі әлемдік мәселеге айналды. Саябақтарда, тіпті – көшелердің өзінде қоқыстың түр-түрін кездестіруге болады. Бұл адамзат баласының қоршаған ортаға немқұрайлылығын көрсетеді. Табиғат аясына шығып, отбасылық демалыс ұйымдастырғандар сол жерге от жағып, қоқыс тастап, ластап кетеді.

Халқымыздың «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген асыл сөзі бар. Ра­сында, бала ол міндетті түрде ата-анаға қарап, еліктеп өседі. Әрбір ата-ана ұл- қыздарының өздеріне қарап тәрбие алатынын естен шығармағаны жөн. Кез келген адам тазалықты өз бой­ынан көрініс табатындай етсе, өзін таза ұстай білсе, өзге адамдарға да сол тазалығын көрсете алатыны сөзсіз.

Күнделікті таңнан кешке дейін қызу тірлікте жүретін ақылы қоғамдық жұмысшылармен бетпе-бет кездесіп жатамыз. Жаздың аптап ыстығы, қыстың аязы мен ызғарлы боранына қарамастан тазалықты қамтамасыз ететін осы кісілердің бірі – сенің анаңмен немесе әкеңмен, әпкеңмен жасты кісілер. Олардың еңбегін құрметтеп, бағалаудың уақыты жет­кен тәрізді. Қоқыс жәшіктері біраз жерде орнатылған. Өкінішке орай, қоқыстар жәшіктің ішінде емес, сыр­тында жатады. Сонда бұл еріншектік пе, әлде салғырттық па? Егер әрбір адам қолындағы қоқысты кез кел­ген жерге тастамай, арнайы жәшікке тастайтын болса, жауапкершілікті сезінсе, айналамыз таза болар еді.

Ескерту ретінде айта кет­кен абзал, «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 434-2-бабына сәйкес ортақ пайдала­нылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықты тастаған азаматтарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 23 рет