Кездесуді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, мұндай есеп беру жиындары халық пен өкілді орган арасындағы ашық диалогты нығайтуға, тұрғындарды толғандырған мәселелерді талқылауға және олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға бағытталғанын атап өтті. Жиын барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Сүлейменов Баймахан облыстық мәслихаттың атқарған жұмыстары, қабылданған шешімдер, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен тұрақты комиссиялардың қызметі туралы баяндама жасады.
Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Облыстық мәслихат депутаты мен аудан басшылығы тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заңнама аясында кезең-кезеңімен қаралатынын жеткізді. Жиын соңында аудан әкімі халықтың ұсыныстары мен өтініштері тиісті сала басшыларының бақылауына алынатынын айтып, кездесуге қатысқан тұрғындарға белсенділігі үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, мұндай есеп беру кездесулері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өткізіліп, мәслихат қызметінің ашықтығы мен халық алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат