Ауқымды шараға аудан бойынша 500-ге жуық тұрғын мен 14 арнайы техника жұмылдырылды. Бірлескен жұмыстар барысында көшелер, қоғамдық орындар және әлеуметтік нысандардың айналасы ретке келтірілді. Тазалық жұмыстары аясында жасыл желектер суарылып, арық-атыз жүйелері тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, ретсіз өскен шөптер шабылып, жаяу жүргіншілер жолақтары қалыпқа келтірілді. Ғимараттардың қасбеттері реттеліп, елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Мұндай тазалық жұмыстары аудан аумағында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Негізгі мақсат санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, қоршаған ортаны күтіп ұстау және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Сауран ауданында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу алдағы уақытта да жалғасады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат