Бейсенбі, 06 Тамыз 2026 08:39

Сауран ауданында бес отбасыға тұрғын үйдің кілті табыс етілді

Сауран ауданында әлеуметтік жағынан осал топқа жататын бес отбасыға тұрғын үй кілттерін табыстау рәсімі өтті. Тұрғын үйлер Сауран аудандық әкімдігі тарапынан тұрғындарға пайдалануға берілді. Баспаналардың кілттерін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров салтанатты түрде табыстады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта мемлекеттік қолдау шараларымен қатар әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің бастамалары да жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда Сауран ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу тізімінде түрлі санаттар бойынша 5 401 адам тіркелген. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. 2025 жылы аудан бойынша 64 азаматқа, ал 2026 жылы 5 азаматқа тұрғын үй кілттері табысталды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 40 рет