Онда тұрғын үй салуға жер телімін алу, денсаулық сақтау, электрмен жабдықтау, мектеп салу, елді мекендерді газдандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, балалар ойын алаңшасын орнату, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік көмек көрсету және тұрақты жұмыспен қамту мәселелері қаралды. Әрбір өтініш бойынша аудан әкімдігіне қарасты салалық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Құзырлы мекемелердің жауапты басшылары көтерілген мәселелердің орындалу барысы жөнінде түсіндірме беріп, заңнама талаптарына сәйкес шешу жолдарын баяндады. Кейбір мәселелер бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.
Аудан әкімі азаматтардың өтініштері бақылауда болатынын атап өтіп, әрбір мәселені қолданыстағы заңнама аясында кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындармен кері байланысты нығайту және халықты толғандырған мәселелерді уақытылы шешу аудан әкімдігі жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат