Жиында тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, қоқысты ретсіз төкпеу, көшелер мен аулалардың тазалығын сақтау, үй маңындағы аумақтарды күтіп ұстау және санитарлық талаптарды қатаң сақтау мәселелері көтерілді. Мақсат Таңғатаров тазалық жұмыстары тек коммуналдық мекемелердің міндеті емес, бұл барша тұрғынның ортақ ісі екенін атап өтіп, ауылдың тазалығын сақтауға әр азамат белсенді атсалысуы қажет екенін айтты. Кездесу қорытындысында жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкіміне санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу және елді мекен аумағында тазалық талаптарының сақталуын бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат