Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының жеке қабылдауында көтерген өтініші қолдау тауып, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Маяқұм ауылындағы ұзындығы 1,5 шақырым болатын Оспан Шораев көшесіне, Қостерек елді мекеніндегі ұзындығы 650 метр болатын «Әліпбек ата» көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді.
Аталған жолдарды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен тиісті қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме «Строймонтаж» құрылыс компаниясы сапалы әрі уақтылы атқарып, тиісті жұмыстарды толық аяқтады. Жаңаланған жолдар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен көлік қозғалысының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен септігін тигізбек. Өңірдегі жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған осындай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат