Аталған көшелерді жөндеу мәселесі аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген болатын. Бүгінде сол өтініштер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты шешімін табуда. Орта жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жолдардың сапасы жақсарып, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасалады. Бұл – аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Аудан әкімдігі тұрғындармен кері байланысты тұрақты негізде жалғастырып, халық көтерген өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жұмыстарын жалғастыра береді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат