Сәрсенбі, 05 Тамыз 2026 16:23

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Бегімбет Байғараев, Мағауия Тұрысбеков және аудандық мәслихаттық төрағасы Ордабек Жәмиевтің қатысуымен өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жүргізді.

Кездесуде облыстық мәслихаттың атқарған жұмыстары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған шешімдер, бюджет қаражатының игерілуі, инфрақұрылымдық жобалар және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде қабылданған шешімдер мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар жан-жақты баяндалды. Сондай-ақ депутаттар халықпен кері байланысты нығайту, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстап, оларды заң аясында шешуге басымдық берілетінін атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Депутаттар көтерілген мәселелерге жан-жақты жауап беріп, бірқатар ұсыныстардың тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралатынын жеткізді. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов кездесуді қорытындылап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Бүгінгі таңда Созақ ауданы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша облыс көлемінде жоғары орындардан көрініп жүр. Ауданның минералдық-шикізат қоры, ауыл шаруашылығына қолайлы табиғи жағдайы және еңбекқор халқы оның әлеуметтік-экономикалық дамуына берік негіз қалыптастыруда. Бүгінде Созақ ауданы өңірдің ғана емес, республиканың өнеркәсіптік өндірісіне елеулі үлес қосатын, инвестициялық тартымдылығы жоғары аймақтардың қатарына жатады.

Ел президенті айқындаған экономиканы әртараптандыру, өңірлердің әлеуетін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы реформалар Созақ ауданында да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуы, инвестициялық жобалардың қолға алынуы, инфрақұрылымның жаңаруы және әлеуметтік саланың дамуы ауданның тұрақты өсіміне негіз болып отыр. Созақ ауданында уран өндірісі ауданның негізгі экономикалық драйвері саналады. Өңірдегі өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысы аудан бюджетінің кірісін ұлғайтып қана қоймай, мыңдаған тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Өнеркәсіп саласының дамуы көлік, құрылыс, сауда, қызмет көрсету және логистика сияқты қосымша салалардың дамуына да серпін беріп жатыр.

Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Аудан табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты негізінен мал шаруашылығына маманданған. Қой, жылқы, түйе және ірі қара өсіру жергілікті халықтың негізгі кәсібіне айналған. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы асыл тұқымды мал басын көбейту, жем-шөп базасын нығайту, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал өнімдерінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Техника паркін жаңарту, су үнемдеу технологияларын пайдалану, фермерлерді жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету сияқты шаралар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде.

Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үлкен әлеуетке ие, алайда оның дамуы үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет. Ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды жаңарту, жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру – бұл ауданның болашақтағы дамуының негізгі бағыттары. Тұрақты даму үшін мемлекет пен жергілікті басқару органдарының бірлескен жұмысы өте маңызды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 28 рет