– Соңғы жылдары ауданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, жеке инвестиция көлемі артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кәсіпкерлікті қолдау экономиканы дамытудың негізгі тетіктерінің бірі екенін үнемі атап келеді. Осы бағытта елімізде кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айрықша мән берілуде. Бүгінде Созақ ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жаңа кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындары бой көтеріп, халыққа қажетті қызмет түрлері көбейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында спорттық кешендер мен әлеуметтік нысандар салынып, елді мекендердің инфрақұрылымы жаңарып, ажары арта түсуде. Мұның барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және аудан экономикасының тұрақты дамуына жол ашады. Біздің мақсатымыз – өндірісі өркендеген, кәсіпкерлігі дамыған, инфрақұрылымы жаңарған аудан қалыптастыру. Осы жолда кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсету, инвестиция тарту және жаңа жобалардың жүзеге асуына жағдай жасау – басты міндеттеріміздің бірі, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кәсіпкерге ақжолтай тілегін жеткізді. Арнайы келген құрметті қонақтар мен ауыл тұрғындары да ізгі ниеттерін білдіріп, жаңа кәсіпке береке тіледі.Жаңа нысанның атауы – «089» қонақ үйі. Жобаның жалпы құны 900 млн теңгені құрайды. Қонақ үйде әртүрлі санаттағы 22 бөлме қарастырылған. Нысанның айына 500 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар.Қонақ үйдің жоғарғы қабатында мейрамхана орналасса, заманауи талапқа сай мәжіліс залы да қарастырылған. Ғимараттың сыртқы және ішкі келбеті заман талабына сай безендіріліп, соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Келушілерге жайлы демалыс пен сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жоба аясында 20 адам жұмыспен қамтылып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Шара соңында ауыл қариялары, тұрғындар мен қонақтар қонақ үйді аралап, жаңа нысанның қызметімен танысты.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат