Кездесу барысында тұрғындар негізінен тұрғын үй, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік мәселелер және басқа да бағыттар бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген сауалдарды қолданыстағы заңнама аясында қарастырды. Бірқатар өтініштер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген азаматтарға ауданда баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, салынып жатқан тұрғын үйлер және тұрғын үй алу талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі мен баспананы бөлу талаптарының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатыны айтылды. Тұрғын үймен қамту мәселелері бойынша жұмыстардың «Отбасы банк» жүйесі арқылы жүргізілетіні жөнінде толық ақпарат берілді.
Қабылдауға бөлімдер мен мекеме басшылары, сондай-ақ бірқатар ауылдық округ әкімдері қатысты. Олар тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат