Қазіргі таңда Ақбикеш-1 көшесі мен «Экскаватор» зауыты бойындағы жолда асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары орындалды.Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс барысын бақылады. Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жүйелі атқарылуын қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, алдағы кезеңде қалған көшелерде де жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Аталған жоба 2027 жылға өтпелі. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалады. Қала жолдарының сапасын арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Сондай-ақ, Хантағы ауылында да жол инфрақұырылымын жақсартуға бағытталған шаруалар жүзеге асырылып жатыр. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Хантағы ауылында жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Жол құрылысы барысында көшеге сапалы асфальт төселіп, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмыстар тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары ескеріле отырып, жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат