Алдағы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында №5 жылу энерго орталығынан қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қоса алғанда, 2 295 жеке сектордағы тұрғын үйге, 347 көпқабатты тұрғын үйге, 441 коммерциялық нысанға, білім беру саласының 7 мекемесіне, мәдениет саласының 16 мекемесіне, дене шынықтыру және спорт саласының 6 мекемесіне, жұмыспен қамту саласының 1 мекемесіне, денсаулық сақтау саласының 4 мекемесіне жылу энергиясын жеткізу жоспарлануда.
Жылу маусымына дайындық барысында жылу өндіру және тарату жүйелерінің техникалық жағдайы пысықталып, анықталған кемшіліктерді жою, желілерді жаңарту және қажетті техникалық шараларды орындау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың барлығы қыс мезгілінде жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және жылыту маусымында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат