Әкім орынбасары жылу орталығындағы негізгі қондырғылардың, жұмыс тұрақтылығын, жылу маусымының қауіпсіз және кедергісіз етуінің, маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жауапты мамандарға жоспарланған жұмыстарды мерзімінде жүргізу және апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Қала тұрғындарын үздіксіз, әрі сапалы жылумен қамтамасыз ету - басты міндет екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды қала басшылығы тұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат