Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тікелей кері байланыс орнату. Аталған іс-шараға Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, "Отбасы банк" Созақ ауданы бойынша өкілінің жауапты мамандары қатысты.
Іс-шара аясында «Тұрғын-үй мәселері бойынша т. б.» тақырыбына орай азаматтарға кеңес беріліп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауаптар ұсынылды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы үнпарақтар азаматтарға таратылды. Мемлекеттік органдар тарапынан сервистік көзқарасты дамыту, ашықтық пен халыққа жақын болу принципін ұстану бағытында өткізілген бұл іс-шара тұрғындар тарапынан оң бағасын алды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат