Бейсенбі, 11 Шілде 2019 17:37

Арыс қаласының 8-ші секторында 100 теңге өтемақы алуға 3020 тұрғынның өтініші түскен

Мақтаарал ауданы әкімдігінің мамандары Арыс қаласындағы 8-ші секторда төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы алу бойынша 645 отбасы, 3020 тұрғыннан құжаттар жинақтап үлгерді. Бұл туралы секторға жауапты аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков хабарлады.

«Аталған төлем қалада 2019 жылдың 1 маусымы бойынша тіркелген тұрғындарға беріледі. Ақшалай көмек алу үшін өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, отбасының бір мүшесіне қаржыны аудару бойынша қолхат, неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік, дербес шот нөмірі қажет» - деді Бейсенбай Тасболатұлы. Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары секторда арыстық кәсіпкерлерге көрсетілетіп жатқан көмек мәселесін де айтып өтті. Атап айтқанда, облыс әкімінің тапсырмасымен "Қамқор" бағдарламасы іске қосылып, арыстық кәсіпкерлерге 5 млн. теңгеге дейін 1%-дық жеңілдетілген кепілсіз несие берілуде екен.

Арыс қаласының 8-ші секторындағы кәсіпкерлердің мәселесін шешу үшін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалынан да өкілдер барып қызмет атқарған. Олар 10 күн бойы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының шығынын бағалап, тиісті сомасын есептеп шығарыпты. Айта кетейік, 8-ші секторда 15 кәсіпкерлік нысаны тіркелген болса, соның ішінде жарылыс кезінде 13 нысанға зақым келген. Қазіргі таңда 2-еуінің құрылысы жүріп жатыр.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 628 рет