Бейсенбі, 11 Шілде 2019 19:03

Сарыағаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 500-ден астам отбасы баспаналы болмақ

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 13 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Деморгафиялық өсу қарқыны аса жоғары аймақта соңғы қырық жылдың ішінде алғаш рет осындай көлемде баспана салынуда. Әр үйдің тұрғызу үшін қазынадан 396 миллион теңге бөлінді. Осындай ауқымды құрылыстың арқасында баспана кезегін күткен 500-ден астам отбасы тамыз айында пәтерлі болмақ.

Сарыағаш қаласына кіреберіс аумақ қазір қайнаған құрылыстың ортасы. Баспаналарды 6 мердігер компания тұрғызуда. 600-дей адам екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысы 45 пәтерден тұратын үйлер сәулеттік жобасымен де ерекше. Бөлмелері кең. Ыңғайлы етіп соғылған. Қабырғалары жылу сақтайтын материалмен қапталып жатыр. «Ішінде жылу, газ, свет, және су жүйелерін жүргізіп жатырмыз. Және сылақтар басталды. Кесте бойынша істелініп жатыр. Бұл аумақ Сарыағаш қаласының заманауи сәулеттік келбетін айшықтай түспек. Келешек жаңа әкімшілік іскерлік орталық та осы маңнан бой түзейді. Тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті көптеген әлеуметтік нысандар салынатын болады» - дейді учаске басшысы Ермаханбет Оспанов.

Ал, Сарығаш ауданы әкімдігі Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерғали Қосмұратов: «Мәдениет үйі салынады 180 орындық. Және мектеп салынады 900 орындық. Мұнан басқ спорт кешендері салынады халық иглігі үшін. Сарыағашта сондай-ақ биыл 6 мектеп құрылысы жүріп жатыр. Жаңадан салынып жатқан мектептердің арқасында аймақта үш ауысымда білім беретін және апатты жағдайдағы білім ұялары келер жылы толықтай жойылады. Бүгінгі таңда 3 мектепте сабақ үш ауысыммен оқытылады. Бір білім ұясы апатты жағдайда» - дейді. Марат Қуанышбаев, мердігер компанияның атқарушы директоры: «Заман талабына сай компьютер, интерактивті кластар бар. Химия, физика кластары бөлінген. Спорт залы бар. Қазіргі талаптар бойынша мүгедек оқушыларға лифт қойылып жатыр. Алматы мен Термез аралығын жалғайтын халықаралық күре жолдағы көлік нөпірін азайту үшін Сарыағаш қаласынан айналама жол құрылысы басталғалы отыр. Ұзындығы 48 шақырым болатын көлік дәлізі 4 жолақты етіп салынады».

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 906 рет