Бейсенбі, 04 Шілде 2019 17:10

Түркістан облысы: «Менің Атамекенім» Арыс қаласын қалпына келтіруге көмек береді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бизнес өкілдерін Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше көмек беруге шақырады. 

Көмек қаражатын жинау шотын «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ашты. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – Арыс қаласында апаттан зардап шеккен, көмекке мұқтаж азаматтар мен қайырымды жандарды байланыстыру.

Қазіргі таңда арыстықтарға көмек ретінде ашылған арнайы шотқа әр облыстың кәсіпкерлері қомақты қаражаттарын аударды. Апат орын алған 4 күн ішінде 102 млн. астам қаражат «Менің Атамекенім» шотына түсті.

Осы орайда арыстықтарға көмек бергісі келетін меценаттарға төмендегі есепшотты ұсынамыз:

«Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі

Заңды мекенжайы:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі №25 үй

БИН 180540015308

«Арыс Бизнес кәсіпкерлікке жәрдем береді» атты арнайы жоба есепшоты, ИИК: KZ806018821000204051(KZT)

«Народный Банк Казахстана» АҚ Бик: HSBKKZKX

Кбе 18

Қайырымдылық аударымдары үшін - КНП 119.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 920 рет