Жұма, 12 Шілде 2019 21:32

Түркістан облысы: Арыс қаласына «Достық керуені» жол тартты

Арыстықтарға көмек көрсетуден өзге ұлттар да қалыс қалмауда. Бүгін өңірімізде өзбек этно-мәдени бірлестігі игі істің ұйытқысы болды. Олар жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға 8 жүк көлігіне тиелген құрылыс заттарын жөнелтті.

Арыстықтарға күні бүгінге дейін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы 87 млн теңгенің көмегін көрсетті.Бұл жолы Өзбек халқы ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Бұл  «Достық» керуеніне тиелген заттар Арысқа халқына беріледі. Онда үйге қажетті жиһаздар мен құрылысқа қажетті материалдар бар.

 «Арыс қаласындағы жарылыстан келген әскери бөлімдегі бауыраларымыз әрине зардап шекті. Сол бірінші этапта Шымкентке келген кезде біздің барлық этнос өкілдері қолынан келгенше көмегін беріп, біздің қауымдастық 15 580 000 теңге көлемінде көмек көрсеткен болатын. Ал енді Арыстықтардың үйлерін қалпына келтіру үшін жәрдем беріп жатыр» - дейді Қазақстан өзбектері этно-мәдени бірлестіктері  «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов.

Мұндай ізгі амал жасауға имамдар да белсене кірісті. Олар тұрғындарға басу айтып, сабырға шақыруда. Бүгінде Шымкент қаласының өкіл имамы Арысқа аттанды. Осындай істі  ұйымдастарған кәсіпкерлер мен өзге ұлт өкілдеріне алғысын білдірді. Этнос өкілдерінің көмегі мұнымен тоқтамайды. Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қол ұшын созып, арнайы ашылған есеп-шотқа қаржы аударады. Осылайша тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне үлес қосамыз,- деп отыр.  

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 611 рет