Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардың даму басымдылықтарына сәйкес өндіріліп, жинақталған. Айта кетерлігі, жәрмеңкеге жеткізілетін ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі – 22,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 54,5 тонна, сүт өнімдерінің жалпы көлемі – 24,4 тонна, бақша өнімдерінің жалпы көлемі – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, әселдің көлемі – 2 тонна, балықтың көлемі – 5 тонна.
Бұдан бөлек жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып, арыстықтарға өз концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға арналған жәрмеңке жалғасын табатын болады.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.