Сенбі, 06 Шілде 2019 21:09

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданында 6 шілде – Елорда күні мерекесіне орай «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Шара аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен, өңірдегі кәсіпкер азаматтардың қолдауымен ұйымдастырылды. 

Акция барысында аудандағы қала, кент, ауыл округтеріндегі көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік тұрмысы төмен 300-ге жуық отбасыға күнделікті қажетті азық-түлік үлестіріліп берілді. Мәселен, Жетісай қаласы әкімдігі акция аясында 32 отбасының үйіне арнайы барып, азық-түлік себеттерін табыс етті. Қала әкімі Тұрышбек Елшібаев тұрғындарды Елорда күнімен құттықтап, отбасыларына амандық тіледі. «Бүгін үлкен мереке. Осыған орай аудан әкімі Жамантай Қанайұлының бастамасымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, қаламыздағы көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік тұрмысы төмен 40-қа жуық отбасыға азық-түлік үлестірудеміз. Мұндай қайырымдылық акциялары қаламызда тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады», - дейді Тұрышбек Елшібаев. 

Акция аясында көмек алған отбасы мүшелері ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, баталарын берді. 

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 901 рет