Сейсенбі, 06 Тамыз 2019 19:43

Түлкібаста жыл соңына дейін 312 пәтер пайдалануға берілмек

Өткен жылы Түлкібас ауданында жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілті табысталған болатын. Бүгінгі таңда тұрғынүй алуға өтініш берген 1974 азаматтың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында аймақта жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.Нәтижесінде жыл соңына дейін 312 пәтер пайдалануға берілмек.

Түлкібас аудан орталығындағы Бағысбаев пен Пушкин көшелерінің қиылысынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдараламасы аясында үйлерді салу жұмыстары қарқынды. Қазіргі уақытта 64 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Нәтижесінде жыл соңына дейін 312 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 «Сонымен қатар, Састөбе кентіндегі Жібек жолы көшесінен 64 пәтерлік №1-ші көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан толық құжаттар дайындалды. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсында жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда құрылыс жұмыстары қолға алынбақ» - дейді Түлкібас аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Серік Халық.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 613 рет