Бейсенбі, 08 Тамыз 2019 19:37

Түркістан: «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша түлкібастық жастар белсенді жұмыс істеп жатыр

Елбасымыз «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта Түлкібас ауданының жастары белсенді жұмыс атқаруда. Бос уақыттарын тиімді өткізіп, кешенді бағдарламаның жүзеге асуына септігін тигізіп отыр.

Жастар еңбек жасақтары бағдарламасы аясында Түлкібас ауданында құрылған штаб 2017 жылдан бастап дәстүрлі түрде жұмыс атқарып келеді. Мақсат жаз мезгілінде белсенді топтың бос уақытын тиімді пайдалана отырып жұмыспен қамту. «Жастар толыққанды жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда 60 жасты жұмыспен қамтып отырмыз. Елбасының бастамасымен бұл жоба 2015 жылы қолға алынған  болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін, жүйелі жұмыс жасап жатырмыз» - дейді Түлкібас аудандық жастар ресурстық орталығының нұсқаушы маманы Нұркен БердібекҚазіргі таңда кешенді жоба негізінде студенттер мен жұмыссыз жастардан құралған 60 жас өрен «Жасыл ел сарбазы» ретінде тіркелген. Олар аймақтағы саябақтар мен аллеяларды сонымен қатар көше бойларын түрлі қоқыстардан тазалау, ағаш көшеттері мен гүлзарларды суғару жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету. Осылайша түлкібастық белсенділер «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының іске асуына барынша атсалысуда. Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, еліміздегі экологиялық ахуалды тұрақтандыру мен жақсарту мақсатын көздейтін шара мұнда да, жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 793 рет