Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 15:18

Созақ ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 783 жас тұрақты жұмыспен қамтылған

Созақ ауданында жастарды жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Кәсіпкерлерге де қолдау көп. Дипломмен ауылға көшіп келіп жатқан өрендердің де саны арта түскен. Осы және өзге де жетістіктер «Жастар күні» мерекесі барысында айтылды. Атаулы күнде өз саласында үздік атанғандар марапат биігінен көрінді.

Созақ ауданында биыл «Нәтижелі жұмыс» пен  «Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында  783 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. 25 жас «Дипломен ауылға» келсе, 315 – жеке кәсіпкер атанды. Мерекелік шарада үздік нәтиже көрсетіп жүрген біртоп жас алғыс хатпен марапатталды. Еткен еңбек бағаланып, арнайы сыйлықтарға ие болды. «Созақтың жастары бағындырған белестер көп. Мақтанышпен айта аламыз. Өткен жылы «Үздік жастар орталығы» номинациясын ұтып алды. Жастар мереке құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық тілейміз» - деді Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков.

«Жастар күні мерекесі аясында бізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұндағы барлық 12 ауыл округтерінде арнайы іс-шаралар бекітіліп, жоғары деңгейде аталып өтті. Біздің жастар әлеуметтік сала болсын, спорт болсын жан – жақты белсенді деп айта аламын» - дейді «Созақ жастары қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Жандар Бекбергенұлы. Бұл күні «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен “Жастар жырласын” аудандық жас ақындар мүшайрасының жеңімпаздары да құрмет төрінен көрінді. Әрбір қазақ белсенділері бейбіт заманда тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет. Себебі ел сенімін, үмітін ақтау – ілкі буынның қолында екені игі шарада кеңінен айтылды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1104 рет