Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019 16:24

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

Бүгін қаладағы «Лидер» балабақшасында жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу. 

Акция аясында Арыс қаласындағы білім ошақтарындағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 120 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді. Акцияға Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, Шымкент қалалық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков, Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сәрсенбековтер қатысып, бір кісідей атсалысты. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 861 рет