Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019 10:43

Түркістан облысы: Келес ауданындағы ауыл округтерін байланыстыратын көпір құрылысы – аудан әкімінің бақылауында

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов Ошақты ауылдық округі Ошақты және Жетітөбе елді мекендерін бөліп тұратын, Саңырау су түсіргісінің үстіндегі «КХ-72-Ошақты-Жолбасшы-Ораз ата» автомобиль жолының 0+350 шақырымдағы көпір құрылысының барысымен танысты. 

Аталған көпір 1970 жылы салынған. Көпірдің ескіргені және су жүйесінің көбейгені себепті 2017 жылдан бастап көпірдің жан-жағы опырылып көліктердің және адамдардың өтуі қиындаған болатын. Көпірді жаңадан салу үшін, мердігер «Арсенал Юг» ЖШС 2019 жылдың мауысым айынан бастап көпірді қайта салу үшін құрылыс жұмыстарын бастаған. Қазіргі таңда ескі көпір толығымен алынып тасталып, жаңа көпірдің іргетасы қағылды. Көпірдің жанынан уақытша айналма өткел және жаяу жүргіншіге арналған көпір істелінген. Сол өткелмен жеңіл көліктер, уақытша көпірмен адамдар өтуде. Құрылыстың аяқталуы ағымдағы жылдың ІV тоқсанына жоспарланған.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1036 рет