Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 15:33

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары психологиялық тренингке қатысты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің психологтары Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.

Тренингтің басты мақсаты – тәртіп сақшылары мен халық арасында қарым-қатынас орнатуда, адамдардың мінез-құлқын болжауда полицейдің мүмкіндіктерін анықтайтын коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу дағдыларын, білім мен қабілеттілікті дамыту болып табылатынын айта кеткен жөн. Өйткені әңгімелесушінің жағдайын дұрыс түсінбестен тиімді жоспарлау, шешім қабылдау, проблемалық және даулы жағдайларды шешу мүмкін емес.

Тренинг барысында тәртіп сақшылары көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде қолданатындықтарын жеткізді. Айта кетсек, полиция қызметкерлеріне арналған осындай психологиялық тренингтер Шымкент қаласы Полиция департаметінің психологтарымен тұрақты негізде өткізіліп тұрады екен.Бұл өз кезегінде полицейлердің халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуы мен өздеріне деген тұрғындардың сенімін арттыра түседі дейді психологтар.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 640 рет