Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 18:12

Шымкентте ерекше сенбілік өтті

Шымкент қаласындағы №38 мектептің ауласын тазарту жұмыстарына тек әкелер қатысты. Олар ұлдарымен қатар жүріп, бірге ағаш егіп, бүлінген, сынған тетіктерді жамады. Бұл іс-шара жас буынды үлкеннен үлгі алуға үндеді.

«Әкеге қарап ұл өсер». Осыны ерекше назарға алған №38 мектеп ұжымы  әкелер кеңесін құрған. Олар жыл бойына мектеп қабырғасында түрлі үйірмелерге қатысып, ұлдардың тәрбиесін қолға алған. «Біз осы мектеп директорымен қалыдасып, осындай игі істі қолға алғанбыз. Мынау айтады ғой, әкеге қарап бой түзер деген. Осы мәселені бастадық» - дейді әкелер кеңесінің төрағасы Еркін Отарбаев. Еркін Отарбаевтың 38-ші мектепте 6 баласы білім алады. Көпбалалы әке жеткіншектерді үйде ата-анасы, түзде – ортасы тәрбиелеуі керекдейді.  Алайда мұндай мүмкіндік барлығында бірдей бола бермейді. Осындай сәтте әкелер кеңесі көмекке келеді.

«Қазір бәріміз балаларымызды ерте келдік. Олар да жәрдем берсін, көрсін жұмыс істеп, әкелермен қатар жүрсін. Осындайдан рухани байланыс артады. Әке әрқашан балаға үлгі» - дейді ол.Сенбілікте әкелер қураған ағаштарды кесіп, жаңадан 80 түп тал екті. Спорт алаңындағы қақпаны қалпына келтірді. Ілкімді іске балалары да жәрдем берді. Бұндай шаралар балалардың жастайынан еңбекке араласып өсуіне негіз болады,дейді шараны ұйымдастырушылар.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 664 рет