Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 14:58

Шымкентте апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Түркістан облысының аудандары қатыса бастады

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Бұл жолы өз тауарларын Сарыағаш және Ордабасы аудандарының өкілдері алып келді. 

Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 миллион теңгені құрайтын 83 тонна өнім қала тұрғындарына ұсынылды. Нақтырақ айтсақ, ет, сүт өнімдерімен қатаркартоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын және қолөнер бұйымдары.Өнімдер жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан саудаланды.

Іс-шараға арнайы келген қала әкімі Ерлан Айтаханов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол берілмей, жауапты мамандардан бұл мәселені қатаң қадағалауды тапсырды.

Жәрмеңкеге келген шаһар тұрғындары мен қонақтары Шымкент қаласының және Сарыағаш пен Ордабасы аудандарынан келген өнер майталмандарының концерттік бағдарламаларын тамашалады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 794 рет