Сейсенбі, 15 Қазан 2019 16:30

Шымкент биылғы жарты жылда туристердің келу ағыны бойынша 8-орынға тұрақтады

Бұл туралы қалалық туризм басқармасы өкілдері салада атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша өткізген баспасөз брифингінде мәлімдеді. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалқабаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

Басқарманың туризм саласындағы көрсеткіштерге жүргізген мониторингіне сәйкес, 2019 жылдың 6 айында қалаға келушілер саны 111591 адамға жеткен. Яғни2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (82 897 адам) 34,6%-ға артып отыр. Ішкі туризм бойынша келушілер саны - 97 418 адам, кіру туризмі бойынша келушілер саны - 14 173 адам.

- 2019 жылдың басынан бастап бірқатар бағытта жұмыстар атқарылуда. Біріншіден, туризм басқармасының ұсынысымен Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік деңгейдегі ТОП-50 Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне «Ескі қалашық» кешені енгізілді. Екіншіден, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2GIS электрондық навигациялық жүйесіне енгізілген «Сайрамның сакралды объектілері», «Жастарға арналған», «Фотоаймақтар» және т.б. жаңа дербес бағыттар әзірленді. Сондай-ақ, сервисті жақсартуда туризм саласында кәсіби кадрларды даярлау мәселесі маңызды. Қоғам белсенділері, туризм мамандары, туризм инструкторлары тарапынан Шымкент қаласында «Жас туристер станциясын» құру ұсынылып отыр және оны жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Азамат Мұратбекұлы.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 798 рет